«Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы «Halyk Инкассация»» ЖШС шоғырландырушы орталығы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып табылатын «HALYK GROUP» компаниясының қаржы тобының құрамына кіреді. «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы – «Halyk Инкассация» ЖШС-ның жалғыз Қатысушысы.
«Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы «Halyk Инкассация»» ЖШС 2005 жылдың сәуірінде құрылды, іс жүзінде өз қызметін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның инкассалау қызметі ретінде 1995 жылы бастады.
«Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы «Halyk Инкассация»» ЖШС қызметі ҚР Ұлттық Банкімен лицензияланған. «Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассалау» банк операцияларын өткізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 09.02.07 жылғы №7 лицензиясы.
Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассалау Компания қызметінің жалғыз түрі болып табылады.
«Halyk Инкассация» ЖШС – елдегі қолма-қол ақша мен құндылықтардың ең ірі тасымалдаушысы, сенімді серіктес, жыл сайын халықаралық аудитпен (Делойт) расталатын тұрақты қаржы жағдайы. Тәуелсіздік жылдары Компания Қазақстан Республикасының инкассаторлық қызметтер нарығында Ұлттық бизнес-рейтингінің көшбасшысы болып табылады.
Қазіргі уақытта «Halyk Инкассация» ЖШС-ның құрамында еліміздің барлық аймақтарында клиенттерге инкассалау қызметтерін ұсынатын 54 құрылымдық бөлімшесі бар.
«Halyk Инкассация» ЖШС инкассаторлық қызметті жүзеге асырудың көпжылдық тәжірибесін жинақтап, жоғары іскерлік беделге және өз серіктестерінің сеніміне ие болды. Компания еліміздің барлық аймақтарында ең көп банктік және бизнес объектілеріне қызмет көрсетеді.