Thank you! Your submission has been received!
Oops! Something went wrong while submitting the form.

Жаңалықтар

Батырлар біздің арамызда

16.01.2020

2020 жылғы 16 қаңтарда «Halyk Инкассация» ЖШС (Алматы қ.) ұжымының жалпы салтанатты жиналысында Алматы қ.
маңындағы «Bek Air» әуекомпаниясының жолаушы ұшағымен 2019 жылғы 27 желтоқсанда болған әуе апатының салдарынан адамдарды құтқару кезінде көрсеткен азаматтық және адамдық борышын өнегелі орындағаны, батылдығы мен қайсарлығы үшін Қалалық инкассалау басқармасының менеджері Ускимбаев Нуржан Толеуханович алғыс хатпен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

30 жастағы Ускимбаев Нуржан 5 жыл бойы Алматы облысының күзет полициясында қызмет етті және 2017 жылы тәжірибелі және адал қызметкер ретінде Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы – «Halyk Инкассация» ЖШС инкассаторының жауапты жұмысына қабылданды. 2019 жылдан бастап осы ұйымның қалалық басқармасында менеджер болып жұмыс істейді.‍

Нұржан әйелімен және үш қызымен бірге Алматы қаласының әуежайына жақын орналасқан Гүлдала ауылында тұрады. Апат күні, әдеттегідей сағат 07:23-те жұмысқа жинала отырып, Нуржан авиалайнердің құлаған гүрілдеген даусын естіді. Ұшақ құлаған жерге бірінші болып жүгіріп келіп, жағдайды тез бағалай келе, Нуржан ұялы телефон арқылы осы жөнінде полицияға бірден «102» нөміріне хабар беріп, құтқарушылар мен «жедел жәрдем» автокөліктерін зардап шегушілерге жедел түрде жіберуді сұрайды.‍

Олардың келуін күтпестен Нуржан жаңа туған сәбиі бар жас әйелге көмектесуге кірісті, оны күйеуімен бірге, содан кейін көмекке мұқтаж тағы екі қыз бен жігітті үйіне алып кетті, себебі дала суық болды. Әрі қарай 24 жасар бауыры Әлішермен бірге сол жерде шұғыл көмек көрсете отырып, қираған лайнердің сынығының астынан зардап шеккендерді шығарып алды. Жол-жөнекей ол полиция, құтқарушылар, «жедел жәрдем» қоңырауларына ұялы телефонмен жауап беріп, оларды жергілікті жерге бағыттай отырып, олардың оқиға орнына жетулерін жылдамдатты. Келген 10 полиция мен құтқарушыны жинап алып, Нуржан інісімен бірге алты зардап шеккен адамды өз үйінен «жедел жәрдем» автокөлігіне апарып, медициналық мекемелерге тез арада жіберді.‍

Апат орнына шұғыл қызметтер мен қала басшылығы жеткілікті көлемде келген соң, Нуржан оқиға орнынан ақырын кетіп, жұмысқа шығып кетеді де, әріптестеріне өзінің жанкешті іс-әрекеті жайында тіс жарып ештеме айтпады.

Алайда, осының барлығы оқиғаны тергеу барысында белгілі болды және марапат кішіпейіл қаһарманды тапты. «Halyk Инкассация» ЖШС-ның барлық ұжымы өз әріптестерін мақтан тұтады, оның жанкешті әрекеттері азаматтық жауапкершіліктің, кез келген қайғы-қасірет пен кез келген жағдайда адамдарға көмектесуге дайын болудың үлгісі, бұл Halyk тобының жалпы құндылығы болып табылады.